• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2019

Ақтөбе облысында Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы атап өтілді

342 рет
көрсетілді

Мерекелік кешке Энергетика министрлігі, департамент, атқарушы орган өкілдері,  «ҚазМұнайГаз» АҚ өкілдері мен ардагер азаматтар қатысты.

Мұнайшыларды  құттықтауға арнайы келген  облыс әкімі Оңдасын Оразалин қара алтын өндіру саласында еңбек еткен ардагерлер мен өндіріс мамандарына мерекелік медаль табыс етті. «Мұнайшылар мен газ саласы қызметкерлерінің еңбегі ұлттық экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға қомақты үлес қосуда. Еліміз бойынша Ақтөбе облысы ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі, ал тау-кен өндірісі аймақ экономикасын дамытудың негізгі драйвері. Республикада өндірілетін мұнай мен газ көлемінің 7 пайызы Ақтөбе өңірінде өндіріледі», - деп атап өтті аймақ басшысы. Өңірде  жыл сайын 6 млн тонна  мұнай және 7 млрд текше метр көлемінде газ өндіріледі. 25 мың азамат өндірісте және 15 мың адам қызмет көрсету компанияларында жұмыс істейді. Мерекелік жиында  эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.