• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2019

Ақтөбелік тәрбиешілердің жалақысы 166 мыңға дейін көтерілетін болады

263 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні  облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен «BİLİM JANE ǴYLYM»  тақырыбында өңір педагогтарының дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.

Аймақ  басшысы алдымен «Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша инновациялық алаң» тақырыбында  ұйымдастырылған білім көрмесін тамашалады. Көрмеде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық, «Алматы кітап», «Атамұра» баспаларының, «Platonus» ЖШС,  «Казинтерсервис» ЖШС және және «BilimLand» білім беру орталықтарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялары ұсынылды.

Ауқымды жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жанбол Жилбаев, Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық басқармалар мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің  басшылары, аудан, қала әкімдері мен әкімдердің орынбасарлары, депутаттар, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Жанбол Жилбаев білім және ғылым министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасады. Сондай-ақ, ҚР  Білім және ғылым министрлігі тарапынан 2 ардагер ұстаз «Еңбек ардагері», 8 педагог «Ыбырай Алтынсарин» және 8 ұстаз «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.

Пленарлық отырыста Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы  Ләззат Оразбаева оқу жылының қорытындысы мен  жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері туралы баяндады.

Басқарма басшысы өз сөзінде жаңа оқу жылындағы басты жаңалықтар «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымның жаңа Мемлекеттік бағдарламасы бекітілетіндігін айтып өтті.Сондай-ақ, облыс ұстаздарының жалақысы 2024 жылға  дейін 166 мың теңгеге дейін жоғарылайтындығын жеткізді.

Жиын барысында Қазақ спорт және туризм академиясының грант иегері, «Аяла» орталығының тәрбиеленушісі А.Ткачук, және облыс әкімінің грантын иеленген оқушының ата-анасы Гүлзина Утебаева облыс басшысы Оңдасын Оразалинге  алғыстарын білдірді.

Жиынды  қорытындылағын облыс басшысы ұстаздарға алғысын білдіріп, басқарма басшысына алдағы уақытта  білі саладағы түйіткілді мәселелердің шешімін табуды жүктеді.

«Педагогтар қауымының кәсіби біліктілігін үнемі дамыту керектігі бүгінгі күннің   өзекті мәселесі. Ұстаздарға жүктелетін жауапкершілік  те зор,  талап та әрдайым жоғары.  Оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, ізденімпаздық, өзіне талап қоюшылық – педагогтың ең басты ұстанымы болуы тиіс. Баланың тәрбиелі  болып жетілуі – мұғалімінің өз ісіне деген адалдығына тікелей қатысты болмақ»-деді Оңдасын Оразалин. Облыс әкімі 21 педагог маманға  100 мың теңге көлеміндегі сыйақы және алғыс хат, сондай-ақ,  «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурстың жеңімпаздарына  3 млн 758 мың теңге мен 8 млн теңге аралығындағы  сертификатты табыс етті.