Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел педагогтарын, оқушылар мен студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтады.
«Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін», - деп жазды Президент Twitter-де.