Митинг туралы заңды жетілдіру туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру қажет. Конституцияға сәйкес, азаматтарымыз өз ойын еркін білдіру құқығына ие. Егер ондай акциялар заң мен азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, қолдау білдіріп, заңда көрсетілген тәртіп бойынша митинг өткізуге рұқсат берілу керек. Ол үшін арнайы орын бөлу қажет»,- деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.