6-шақырылымдағы Парламенттің 5-ші сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев этносаралық татулық пен дінаралық түсінушілікті қалыптастыру қажет екенін айтты.
- Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсінушілікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымыз ел бірлігінің әр алуандылығында. Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.