• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Президент 02 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы Есеп комитетіне және Қаржы министрлігіне қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауды тапсырды

198 рет
көрсетілді

«Шағын және орта бизнесті дамыту - еліміздің берік негізі. Шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Бұл мақсатта Ұлттық қордан 100 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бірақ сарапшылардың пікірінше, қаржылай қолдаудың игілігін жергілікті билікпен байланысы бар шаруашылықтар ғана көріп отыр. Шын мәнінде жаңа жобалар бойынша компаниялар құрылып, жұмыс орындары ашылуы керек еді. Бұл қарапайым заттар экономикасына тікелей байланысты. Бірақ жергілікті әкімдер ұйымдастыру жұмыстарын талапқа сай орындамаған. Соның салдарынан салық және зейнетақы төлемдерін арттырып, жергілікті бюджетті нығайтуға жағдай жасалып отырған жоқ. Осыған орай Есеп комитетіне және Қаржы министрлігіне қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын», деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.