Мемлекет басшысы Үкіметке келесі жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырды.
«Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Сондықтан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.