• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Президент 02 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы: Оқушыларды сапалы оқулықпен қамтамасыз ету - тиісті министрліктің тікелей міндеті

686 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында оқушыларды сапалы оқулықпен қамтуды тапсырды.

«Оқулық сапасының төмендігі өзекті мәселе. Оқушыларды сапалы оқулықпен қамтамасыз ету - тиісті министрліктің тікелей міндеті. Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ бұл шаралар жүзеге аса қоймайды. Сондықтан мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде  мұғалімдердің еңбекақысын 2 есеге арттыруды тапсырдым. Бұл келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға дейін өседі деген сөз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.