• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 02 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

335 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың құзыретіне кіретін  негізгі бағыттары мен міндеттерін айқындап берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Президент жаңа уәкілге құқық қорғау қызметі бойынша Парламентпен және Үкіметпен, сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.