Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:17
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы – болашақтың берік негізін қалаған, нақты мақсат пен межені айқындаған тарихи маңызды құжат. Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауларында аймақтардың дамуына байланысты өңірлерді дамытудың басым міндеттерін тұжырымдап, бұл мәселеге байланысты негізгі бағыттарды белгілеп берді.
Сәрсенбі, 27 наурыз 2013 2:17
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы – болашақтың берік негізін қалаған, нақты мақсат пен межені айқындаған тарихи маңызды құжат. Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауларында аймақтардың дамуына байланысты өңірлерді дамытудың басым міндеттерін тұжырымдап, бұл мәселеге байланысты негізгі бағыттарды белгілеп берді.
Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясының да негізгі қағидаларын атап көрсетіп, оны шешудің жолдарын айқындады. Елбасы «Біз әкімшіл‑әміршіл жүйені басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып, басқарушылардың заманауи әрі тиімді корпусын құруға тиіспіз.Кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың барлық азаматтар тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болатын біз жасаған жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», деп атап айтты.
Стратегиядағы басым бағыттың бірі – әкімшілік реформаларды іске асыру арқылы озық басқару шешімдерін қабылдау. Мұнда көзделген басты мақсат – мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қолжетімділігін арттыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін одан әрі нығайту. Соның нәтижесінде елімізде 26 наурыздан бастап тиісті Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Ендігі уақытта мемлекеттік қызметшілер санатына бұрын мемлекеттік басқару жүйесінде болмаған «А» корпусы қосылады. Бұл санаттағылар мемлекеттік тілде тест тапсырады, Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның алдында әңгімелесуден өтеді.
Біздің алдымызда қазір жауапты міндет тұр. Мемлекеттік тілді жетік меңгерумен қатар, заңдарды терең түсіну, тұрғындар алдында Елбасы тапсырмасын орындау жөніндегі міндеттерді жеткізу де іскерлік пен ілкімділікке байланысты екені белгілі жәйт. Осындай жауапкершілік жүгін арқалағанда ғана мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі арттырылып, сол арқылы қызмет сапасы күшейтіледі. Кадрларға қатаң талап қою, алда тұрған мақсатты орындаудағы белсенділік пен бейімділікті талап ету де қажет.
Зайсан ауданында Елбасы Жолдауын орындау жолында ауқымды да бағдарлы жұмыстар жүріп жатыр. Бұл өңірде қазба байлықтарының көп түрі бар. Көмірді игере бастағанымызға 20 жыл. Биылдан бастап аудан тұрғындары жергілікті жердің «көгілдір отынын» тұтына бастамақ. Мұнайдың да мол қоры бар, оны халық игілігіне жарату жұмыстары жалғасуда. 19 елді мекен газдың игілігін көрмек.Елімізде биыл іске асырылатын басты жаңалықтың бірі – жергілікті өзін-өзі басқаруда ауыл әкімдерінің сайлануы. Алдағы уақытта ауыл әкімдерінің аппаратын кеңейту мәселесі іске асырылып, оларға жаңа міндеттер жүктеледі. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдағы өзгерістер нәтижесінде осы саладағы реформалар елімізде мемлекеттік қызметтің әлем бойынша ең озық жүйесін қалыптастырады, әкімшілік басқарудың, мемлекеттік қызметтің жаңаша үлгісі іске асырылады.
Серік ЗАЙНУЛДИН,
Шығыс Қазақстан облысындағы
Зайсан ауданының әкімі.