• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Тағайындау 03 Қыркүйек, 2019

Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

266 рет
көрсетілді

Әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Бүгін Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», деп жазды Алматы қаласының әкімі. 

Мейрамбек Бесбаев - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі,  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.