«Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған әріптесіміз, белгілі журналист Нұрмұхамед Байғара бүгін «Айқын» газетіне бас редактор болып тағайындалды. Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей газет ұжымына бас редакторды таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Саясаттану» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетінде «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Бұған дейін ол «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламалар мен әлеуметтік ток-шоулар әзірлеген. Кейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды.