• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №836

316 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №836

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:16 2012 жылғы 29 қараша, Астана қаласы«Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 6:16 2012 жылғы 29 қараша, Астана қаласы«Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдерінде: 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) халықаралық телефондық трафигі – 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан – 1 секунд);»; 5-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) халықаралық телефон байланысы: таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде – 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан – 1 секунд); басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде – 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан – 1 секунд);»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс – 30 секунд (2015 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд).». 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Министр А. ЖҰМАҒАЛИЕВ.Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік-құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8241 болып енгізілді.