Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы Омскідегі Гран-при турнирінен тағы екі медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің спортшылар «кейрин» бағдарламасы бойынша жүлдегер атанып отыр. Дмитрий Резанов екінші орын иеленсе, Сергей Пономарев үздік үштікті қорытындылады.
Алтын жүлде ресейлік Иван Гладышевтің еншісінде қалды.
Айта кетелік, бір күн бұрын спринтерлер додасында Павел Воржев жеңіске жеткен болатын. Күміс жүлдені Андрей Чугай иеленді.