• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қыркүйек, 2019

Сенаттың алдында ауқымды міндеттер тұр

157 рет
көрсетілді

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бюроның алғашқы отырысында Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров сенаторлардың өңірлерге сапарлары туралы хабардар етті. Депутаттар еліміздің барлық облыстарының ірі елді мекендерін, сондай-ақ шалғай ауылдарды да аралады. Сенаторлар Арыс қаласын қалпына келтіру, көп балалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін көтерді. «Жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген түйткілді мәселелер мен сұрақтардың бірқатарын алдағы жұмысымызда заң ережелеріне түзетулер енгізу арқылы немесе тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолдау тәртібімен олардың шешімін табуға мейлінше ықпал ететін боламыз», - деді Б.Бекназаров.

Парламент жоғарғы палатасының басшысы күзде негізгі заң жобасы республикалық бюджет туралы заң жобасы болатынын атап өтті. «Республикалық бюджет бойынша жұмыстарды бүгіннен бастаған жөн. Сондай-ақ Президенттің сайлау алды бағдарламасын, Мемлекет басшысының Жолдауын осы жылдың және сессияның соңына дейін жүзеге асыру жөнінде қабылдануы қажет бірқатар заң жобалары бар», - деді Д.Назарбаева.