• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қыркүйек, 2019

«Абай ілімі – рухани жаңғыру бастауы» тақырыбында дәріс өтеді

378 рет
көрсетілді

Хакім Абайдың туғанына 175 жыл толуы қарсаңында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде «Абай ілімі – рухани жаңғыру бастауы» тақырыбында Рахманқұл Бердібаев атындағы Халық университетінің кезекті дәрісі өтеді.

Дәрісті абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы,  профессор, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері,  «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы өткізеді. 

Дәріске әдебиеттанушы ғалымдар, жазушылар мен оқытушылар қауымын және ЖОО студенттерін шақырамыз. Дәріс сағат 17.00-де басталады.

 

АЛМАТЫ