• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Қыркүйек, 2019

Электронды сауданың үлесі артады

444 рет
көрсетілді

Елімізде электронды коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жүйелі жұмыс жүргізілсе, алдағы алты жылда электронды сауданың үлесі қазіргі 2,9%-дан 5%-ға дейін артуы бек мүмкін.

Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, электронды сауданы дамыту үшін бізде барлық заңнамалық жағдайлар жасалған. Заманауи сауда форматтарына да көп көңіл бөлінуде.

− 2019 жылғы 2 сәуірде «Бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу туралы» заң қабылданды, онда электронды сауданы және биржа саудасын дамыту көзделген. Тиісті инфрақұрылым жасалуда. Қазір нарықта 20-ға жуық платформа бар, шамамен 1700 кәсіпкер электронды коммерцияда жұмыс істейді, деді Б.Сұлтанов.

Қазақстан жетекші әлемдік корпорациялардың көмегімен интернет арқылы сауданы дамытуды көздейді. 2019 жылғы 26 тамызда Сауда және интеграция министрлігі мен Ресейдегі №1 «Wildberries» онлайн-ритейлер арасында Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Онда «Wildberries» қатысатын барлық аумақта электронды сауда арналарын қолданып, қазақстандық экспорттаушылардың халықаралық саудаға қатысуы қарастырылған. Қазақстандық тауарларды экспорттауды ілгерілету үшін басқа да шетелдік интернет-алаңдармен осындай жұмыстар жүргізу жос­парланып отыр.

– Біз олармен бірге электронды сауданы дамыту жүйесін әзір­леп, үлесін арттыратын боламыз. Бүгінде интернет сауданың бөлшек саудаға қатысты үлесі − 2,9%. Мем­­лекет басшысының Қытайға сапары аясында Alibaba тәрізді ірі электронды алаң өкілімен кездесу жоспарланған. Бұл салада сал­мақты ойыншылардың болуы бізге барынша дұрыс бағытта даму­ға мүм­­кіндік береді. Біздің кәсіп­кер­леріміз әлем­дік ойыншылармен бел­сене ын­тымақтастық орнатуға тиіс. Бұл Қазақстанда электронды ком­мерция­ны қарқынды дамытуға мүм­кіндік береді, деді министр. Алдағы уақытта түсіндіру жұ­мыс­­­тарын жүргізуге басымдық берілмек.