• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қыркүйек, 2019

Жезқазғанда «Ақсақ құлан» күйшілер конкурсы өтті

564 рет
көрсетілді

Жезқазғанда қала іргесінің қаланғанына 65 жыл толу мерейтойына орай Кетбұқа би атындағы «Ақсақ құлан» күйшілер конкурсы өтті. Халықаралық деңгейдегі өнер додасында Қытай, Моңғолия елдерінен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Жезқазған қалаларынан барлығы 17 күйші бақ сынады.

Байқау қорытындысында Семейден келген Дарын Құдайбергенов бас жүлдеге лайықты деп танылып, оған 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Дарын иесі Қазақ Ұлттық университетінің төртінші курсында оқиды.

Қазылар алқасының шешімімен, бірінші орынға алматылық Азамат Шынаров ие болса, екінші жүлде Қытайдан келген қандасымыз Бағдар Жарқын мен астаналық Әлия Қарамұхановаға теңдей бөлініп берілді. Ал үшінші жүлде алматылық Ботакөз Дүнгенбаева мен Бақберді Қадубекке, жезқазғандық Бақытжан Есмағанбетов пен қызылордалық Абылайхан Сқақовқа бұйырды.

Күйшілер конкурсының соңына таман байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысқан баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, одан кейін гала-концерт берілді. Аталған шарада Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері өнер көрсетіп, көрермен қауымның ықыласына бөленді.

 

Қарағанды облысы