Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нұрлан Әлімжановтың ант беру рәсімі өтті.
«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Nur Otan» партиясының мүшесі Нұрлан Әлімжанов партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді», деді Мәжіліс төрағасы.
Өз кезегінде Нұрлан Әлімжанов мәртебелі міндетті адал атқаруға ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», деді Нұрлан Әлімжанов.
Сондай-ақ ол Мәжіліс комитетінің құрамына сайланып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.