Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Қазақстан Республикасындағы өңірлік үйлестірушісі Сабер Азаммен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Келіссөз барысында босқындарға, соның ішінде төтенше жағдайларда да көмек көрсету, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды.
Сабер Азам Үкімет басшысына БҰҰ Жоғарғы комиссары басқармасы өкілдігінің қызметі туралы хабарлап, Қазақстанның босқындардың ел аумағындағы мәртебесін айқындайтын босқындар туралы заңды қабылдағанына қолдау білдірді.