• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 12 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы «Hikvision» компаниясының офисіне барды

217 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы «Hikvision» компаниясына барды.

Компанияның Басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына «Hikvision» компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орта Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның робототехника саласында, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интелект және заманауи технологиялар бағытында жасалған жұмыстарын көрсетті.