• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қыркүйек, 2019

Президенттік жастар кадрлық резервіне қалай қатысуға болады

281 рет
көрсетілді

Президенттік жастар кадрлық резервіне өтінімдерді 30 қыркүйекке дейін қабылдайды. Бұл туралы жобаның арнайы интернет платформасында жазылған.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы. Жобаға тіркелу тәртібі барынша жеңілдетілген. Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек. Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Осыған дейін жобаға үміткерлерді тіркеу бірінші қыркүйекте басталатыны мәлім болған еді.