• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қыркүйек, 2019

Темірлан Бектасов Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

874 рет
көрсетілді

Алматы облысы әкімінің өкімімен Темірлан Амангелдіұлы Бектасов Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Темірлан Амангелдіұлы Бектасов 1969 жылы туған. Алматы гидромелиоративтік техникумын техник-гидротехник, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрылыс инженері мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты «Строитель» кооперативінің техникалық бақылау инженері болып бастады. Әр жылдары «Қарасай аудандық өндірістік-жобалау архитектуралық-бейнелеу бюросы» МҚК I дәрежелі технигі, II дәрежелі инженері, Қаскелең қаласы бойынша сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі, «Қарасай ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ «Сәулет» МКК директорының орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып қызмет атқарған.

2017 жылдың желтоқсан айынан – Панфилов ауданының әкімі.