• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауға жұмыс сапарымен Жапония делегациясы келді

139 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің Бірінші хатшысы Исибики Юкионы қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және болашағы туралы баяндады. Сондай-ақ туризм, логистика және энергетика салаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Жапония арасындағы өзара сауда көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде 3,668,38 мың долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6% -ға көп.

Кездесу соңында Исибико Юкио Маңғыстау облысының басшылығына тығыз ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмыс нәтижесінде құнды тәжірибе жинақтағанын айтты.

 

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар