• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қыркүйек, 2019

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен 281 отбасы баспаналы болды

188 рет
көрсетілді

Жоба аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 4 875 өтінім қабылдады. Аталған бағдарламаға Нұр-Сұлтан (829 өтінім), Алматы (640 өтінім) және Ақтөбе (555 өтінім) облыстарының тұрғындары белсене қатысуда. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде қабылданған өтінімдердің 2 200-і бойынша 23,1 млрд теңге сомасына несие беру жөнінде оң шешім шықты. Қазіргі сәтте осы отбасылар өздерінің болашақ пәтерлерін іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 3 ай уақыт беріледі.

Пәтерді жаңа салынған немесе қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады.

Жалпы, ең көп баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлағандар – Нұр-Сұлтан (73 займ берілді), Алматы (56 займ берілді) және Жамбыл (39 займ берілді) облыстарының тұрғындары.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болатынын мәлімдеген.