• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қыркүйек, 2019

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге зейнетақы төленді

123 рет
көрсетілді

2019 жылғы қаңтардан тамызға дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 469,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері -1 029,7 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171,2 мың адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190,1 мың адам алады.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері, базалық зейнетақы төлемін ескере отырғанда 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 679 теңгені құрады. Ол ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 миллион 190 мың адамды құрады, оның ішінде 2019 жылы шамамен 43 мың жаңа зейнеткер қосылған.