Энергетика вице-министрі М. Жүребеков бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы ОПЕК+ елдерінің өндіру көлемін ерікті қысқарту туралы келісімі Министрлік мониторинг комитетінің 16-шы отырысына қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыс барысында қатысушылар мұнайдың әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды талқылады және Келісімге қатысушы елдермен өз міндеттемелерінің орындалуына қанағаттанғандық білдірді. Отырысқа қатысушылар бұрын қабылданған келісімдерге өздерінің адалдығын және мұнай өндіруді қысқарту бойынша өз міндеттемелерін одан әрі орындауға ниетті екенін растады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 2 шілдесінде ОПЕК+ Келісіміне қатысушы елдер ОПЕК+ Келісімін 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 9 айға ұзарту арқылы мұнай өндірудің жиынтық көлемін 2018 жылғы қарашадағы деңгейіне қатысты тәулігіне 1,2 млн баррелге төмендету туралы келісті. Қазақстан үшін бұл ұзарту тәулігіне 1,86 млн баррелден аспайтын деңгейде орташа өндірудің сақталуын білдіреді.
Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа тәуліктік өндіру тәулігіне 1,8 млн барр. құрады. Осылайша, Қазақстан Келісім шеңберіндегі өз міндеттемелерін толығымен орындады.
Қазақстан ОПЕК+ елдерімен және МЭЕҰ-ға кірмейтін мемлекеттермен белсенді ынтымақтастықты орнатты. Ынтымақтастықтар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға және мұнай индустриясы инвесторларының сенімділігін қалпына келтіруге бағытталған.
ОПЕК+ келісімі мұнай котировкаларының өсуіне айтарлықтай әсер етті және барреліне 60-70 АҚШ доллары шамасында тұрақтануға мүмкіндік берді.