• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2019

Қарағанды облысында бизнес скринингі өткізілуде

252 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы аймақ бойынша бизнеске скрининг жүргізуде. Бұл қадам жағдайды толыққанды бақылап, қай салаларда бос тауаша бар екенін анықтау мақсатында жасалуда. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері шешуді талап ететін мәселелер шеңберін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Палата мәліметтері бойынша облыста 87,7 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

- Зерттеу сауалнама арқылы жүргізіледі. Нәтижесінде нақты мамандануды білдіретін Өңірлік даму картасы дайындалады. Онда жұмыс істеп тұрған Бизнестің әлеуетті тауашаларын ғана емес, сондай-ақ өңірдің қажеттілігін, тағы қандай жобалар қажет екенін табуға болады. Біз ресурстарды дұрыс бөлу үшін қандай бастамалар қолдауды қажет ететінін көреміз. Скрининг сондай-ақ еңбек әлеуетін бағалауға, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың нақты санын анықтауға көмектеседі, - деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпеисов.

Ол кәсіпкерлерді түсіністікпен қарауға және сауалнамадан бас тартпауға шақырды. Сауалнама 29 сұрақтан тұрады. Оларға телефон арқылы немесе кездесу кезінде жауап беруге болады.