• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2019

Ш.Айманов атындағы Қазақ киносы мұражайы ашылады

432 рет
көрсетілді

16 қыркүйекте сағат 11.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақфильм» территориясында Ш.Айманов атындағы Қазақ киносы мұражайының салтанатты ашылуы өтеді. 

Біздің қорымызда көптеген құнды жәдігерлер жиналған. Мұнда аты аңызға айналған режиссер Сергей Эйзенштейннің камерасы бар. Сондай-ақ мұражайға Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек пен Төлегеннің киімдері, Асанәлі Әшімов пен Цой Гук Иннің -«Шоқан Уалиханов» фильміндегі Сағи Әшімовтың костюмі, Рүстем- Әбдірашевтің «Қазақ хандығы», Алтын тақ» және Ақан Сатаевтың «Томирис» сынды кинотуындыларда қолданылған костюмдер қойылған. Ал мұражайдың мақтанышы – Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың қайта жасақталған жұмыс кабинеті. Мұнда қазақ киносының классигі – Шәкен Аймановтың әуестікпен жинаған коллекциясы мен өзі қолданған жеке заттары қойылған.

Іс-шара барысында ҚР Ұлттық банкі өкілі мұражай қорына Шәкен Аймановтың 100 жылдығына және қазақ анимациясының  50 жылдығына орай шығарылған номиналдары 500 теңгелік  екі ескерткіш күміс монеталарды тапсырады. Сондай-ақ мұражай қорына «Қазпошта» АҚ «Қазақ анимациясына 50 жыл» тақырыбында шығарған пошталық марканы сыйға тартатын болады.

АЛМАТЫ