• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен АҚШ-қа барады

440 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Америка Құрама Штаттарына барады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шет елдерге, өңірлерге сапарына қатысты айтар болсам, келесі аптада екі  өңірге – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына сапары алдын ала жоспарланған. Уақытын қосымша хабарлаймыз», - деді Берік Уәли.

Президент көмекшісі Мұрат Нұртілеуов АҚШ-қа сапар туралы деректермен бөлісті.

«Өздеріңіз білесіздер, сыртқы саясатта өте белсенді жұмыс жалғастырып келеміз, сабақтастық, жаңа бастамалар бар. Келесі аптада Қасым-Жомарт Кемелұлының БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына  қатысуы жоспарланған. Оның барысында Мемлекет басшысы климаттық саммитке қатысады. Содан кейін тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саммитке қатысатын болады. Сонымен қатар біздің жоспарда Нью-Йоркке барған кезде бірнеше америкалық іскер топтармен тиісті кездесулер бар», - деді  Президент көмекшісі.