Қорғаныс министрі Приозерск пен Балқаш гарнизондарына келіп, олардың ішкі аумағында шоғырланған Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерін тексерді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Приозерск және Балқаш гарнизондарында олардың географиялық орналасуын ескере отырып, Қарулы Күштердің мүддесінде стратегиялық міндеттер жүктелген әскери бөлімдер орналасқан. Олардың әртүрлі арналымы бар. Атап айтқанда, артиллериялық бөлімдер, қамтамасыз ету полкі және басқалары.
Аталған гарнизондар Қазақстанның Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы ставкасының резервісі болатын «Астана» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді. Өңірлік қолбасшылық Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімшілік шекараларының аймағында орналасқан. Әскери бөлімдерден басқа мұнда бөлімшелер іс жүзінде әртүрлі қарулы қақтығыстардың сценарийлерін пысықтайтын Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығы, сонымен қатар ұшу құрамын дайындайтын Әуе қорғанысы күшінің орталығы мен «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі бар.
Приозерск пен Балқаш гарнизондарының әскери бөлімдерінде қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік машиналар паркін, қару-жарақ қоймасы мен әскери техникаларды, басқару пункттерін тексерді, сондай-ақ аймақтарды аралап шықты.