• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2019

Павлодар облысының тауар өндірушілері елордаға 240 тонна картоп әкеледі

329 рет
көрсетілді

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласының «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді.

Бұл жолы елордалық тұрғындарға павлодарлық 70 кәсіпорын 500 тонна өнімін ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Оның ішінде 60 тонна ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт, 35 тонна бакалея өнімдері, яғни жұмыртқа, жармалар, ұн, бал, өсімдік майы, 240 тонна картоп және 145 тонна көкөніс пен бақша дақылдары жеткізіледі деп жоспарланып отыр.