• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қыркүйек, 2019

Түркістанда қонақүй түтінге оранды

274 рет
көрсетілді

Түркістанда "Яссы" қонақүйінен өрт шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметінше, қазір өрт ауыздықталды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрт себебін мамандар анықтайтын болады. «Шақыру бізге сағат 11.01-де келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан сағат 11.07-де жетті. Жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», - деп xабарлады облыс ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.