Маңғыстау облысында «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласындағы жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Жобалық кеңсе парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесіне сәйкес және парасаттылық қағидаттарын енгізуге, сондай-ақ автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.
Шараға «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Ақтау қаласы бойынша филиалы, бұқаралық ақпарат құралдары және Арнайы мониторингтік топ өкілдері қатысты.
Мониторинг барысында Жаңаөзен-Сенек, тас жолында салынып жатқан жолдардың құрылыс сапасына бақылау жүргізілді.
Жұмыс аясында мамандар асфальттан сынама алып, оның құрамы мен стандарттарын арнайы зертханада тексеретін болады. Сонымен қатар, жолдың ені мен көлемі де назардан тыс қалмайды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта аталған жоба аясында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелерінде жылжымалы зертханалардың шығуымен мониторинг жұмыстары жиі жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, аталған мәселе аясында жол құрылысы саласына жауапты әкім орынбасары, басқарма басшыларының, мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жобаның қызметімен таныстыру және аталған салада сыбайлас жемқорлықты жою мәселесін талқылау бойынша кездесулер ұйымдастырылады.
Маңғыстау облысы