• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қыркүйек, 2019

Шамалғандағы апатта зардап шеккен балаға операция жасалды

247 рет
көрсетілді

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы Ақсеңгір – Шамалған өткелінде жолаушы пойызы мен автобустың қақтығысуы салдарынан зардап шеккен үш адамның жағдайы туралы жаңа мәліметтерді ұсынды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарасай аудандық орталық аурухананың базасында Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы мен Алматы қалалық №1 клиникалық аурухананың дәрігерлері зардап шеккен 2014 жылғы қыз балаға операция жасады, әзірге баланың жағдайы ауыр. Ал 2016 жылғы бүлдіршіннің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Екі пациент те комада, жасанды демалдыру аппараттары қосылған. Ал аналарының жағдайы тұрақты ауыр» делінген хабарламада. 

Әкімдіктің хабарлауынша, зардап шеккендерге медициналық көмекті жұмылдыру үшін Алматы облысы мен Алматы қаласындағы білікті мамандар тартылды. Олар - Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының, Алматы қалалық № 1 клиникалық ауруханасының балалар және үлкендер нейрохирургтары, травматологтары мен реаниматологтары. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

«Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынған, пациенттер жағдайы туралы сағат сайын хабарланып отырады» делінген хабарламада.