• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Тағайындау 17 Қыркүйек, 2019

Қарағанды облысында Нұра ауданының әкімі тағайындалды

476 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Нұра ауданының әкімі болып Аян Шалмағанбетов тағайындалды.

Аян Шалмағанбетов 1972 жылдың 14 ақпанында Нұра ауданындағы Киевка кентінде дүниеге келген. «Экономист-менеджер», «Құқықтану бакалавры» біліктіліктері бойынша екі жоғары білімі бар. Ақмола аграрлық университеті мен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды тәмамдаған.

Еңбек жолын құрылыста жұмысшы болып бастаған. «Қазақстан Темір жолы» РМК-да жетекші маманнан басқарма бастығының орынбасарына дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. Коммерциялық құрылымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Орталық атқарушы органдарда басшылық қызметтерде болды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Ұлттық экономика министрлігінде қызмет екен.

Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық жер қатынастары басқармасына жетекшілік етті.