«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» оқу полигонынының саптық алаңында «Шығыс-2019» шұғыл тактикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу жаттығуға Ресей Федерациясының Орталық әскери округының, Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері, Қазақстан Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс күштері, Ұлттық гвардия мен Ұлттық қорғаныс комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысуда. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – әскери басқару органдарының дайындық деңгейін тексеру, бөлімшені басқарудағы штабтар мен командирлердің практикалық тәжірибе алуы, өңірдегі бейбітшілікті сақтау бойынша арнайы әскери іс-қимылды бірлесіп орындаудағы өзара іс-әрекет деңгейін нығайту болып табылады.
Оқу-жаттығу мәнісі үш кезеңнен тұрады – әскерлерді жауынгерлік дайындықтың жоғарғы деңгейіне келтіру, бірлескен арнайы әскери операцияны дайындау және өткізу.
Атап айтсақ, бұл оқу-жаттығуға 4000-ға жуық әскери қызметші, шамамен 1500 бірлік әскери техника мен қару-жарақ жұмылдырылды.
«Шығыс - 2019» ШТКШ оқу-жаттығуы шеңберінде халықаралық деңгейде Қазақстанның оңтүстігінде таулық бөлімшелермен және Қарағанды облысында ракеталық артиллериялық бөлімшелермен шұғыл тактикалық ракеталардың оқу атысы бір уақытта өткізіліп жатыр.
Халықаралық әскери бірлестік шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштері Орталық Азия мемлекеттерінің Қарулы Күштері бөлімшелерімен, атап айтсақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сонымен қоса Ресей, Белорусия, Индия, Турция және басқа да мемлекеттермен бірлескен оқу – жаттығуларға үнемі қатысуда. Қазақстанның әскери қызметшілері 2018 жылы 10-ға жуық оқу – жаттығуға қатысқан.
«Шығыс-2019» ШТКШ оқу жаттығуын өткізу әскерлердің далалық жағдайдағы дайындығын арттыруға, сонымен қоса оқу – жаттығуға қатысушы мемлекеттер арасында мәселелі сұрақтарды шешудегі кезекті қадам болмақ.