Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын», делінген хабарламада.