• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қыркүйек, 2019

Тиімді әрі батыл қадамдар жасалды

283 рет
көрсетілді

Жаңа сайланған Мемлекет басшысының немесе Үкімет қызметінің алғашқы 100 күнін қорытындылау көптеген Батыс елдерінде, әсіресе АҚШ-та кең таралған тәжірибе.

Атап айтқанда, мұндай шолулар ХХ ғасырдың 30-жылдары Ф.Рузвельттің президенттік ке­зінде АҚШ «Ұлы дағдарысты» бас­тан кешірген уақытта қалып­тасты. Рузвельт Ақ үйге келісімен дағ­дарысқа қарсы бірқатар шұ­­ғыл шараларға мұрындық бо­­лып, 100 күннің ішінде 15 заң­намалық акт қабылдаған бо­латын. Дағдарысқа қарсы ба­ғыт­­тал­ған бұл шаралар әйгілі «Жаңа бағыт» бағдарламасының негі­зін қалап, кейінгі жылдары Ф.Рузвельттің америкалықтар ара­сын­дағы жоғары абыройы мен беде­лінің басты себебіне айналды. Міне, осыдан кейін прези­денттіктің алғашқы 100 күндігі жаңа сайланған әкімшіліктің тиім­­ділігін таразылайтын тетігі ре­тін­де қарастырылады.

Егер осы тұрғыдан қарасақ, онда Қазақстанның жаңа Пре­зи­денті қоғамдағы жүйелі мәсе­­ле­лерді шешуде бірқатар тиім­ді әрі батыл қадамдар жасап үлгергенін айтуымызға болады.

Біріншіден, қызметіне кіріс­кен алғашқы сәттерінен-ақ жаңа Президент билік пен қоғам ара­сын­­дағы тікелей байланыс құ­ру қажеттілігін анық байқатты.

Мем­лекет басшысы лауа­­зы­мын­дағы бірінші күндерінен бас­тап Қасым-Жомарт Тоқаев аза­мат­тық қоғаммен тікелей диалог орна­­туға ниетті екенін жалпақ жұрт­­қа жария етті. Осы ретте Қ.Тоқа­евтың алғашқы іргелі бас­та­­­ма­ларының бірі ретінде Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесін құру ту­ра­лы ұсынысын ерекше атап өткен жөн. Бұл бастама мемле­кет дамуының ең өзекті мәселе­лері бойынша қоғаммен тікелей сұхбат орнату үшін аса маңызды.

Екін­шіден, Арыс қала­сын­да­ғы төтенше оқиға кезінде Қ.Тоқаев әкімшілігінің тиімді әрекеттерін атап өткеніміз жөн. Биліктің шұ­ғыл әрі тиімді қадамдары мен барша отандастарымыздың бел­­сенді атсалысуы арқасында қыс­қа мерзім ішінде қаланы қал­пы­на келтіру жұмыстары сәтті аяқ­тал­ған болатын.

Бұдан бөлек, жаңа Прези­дент­тің алғашқы қадамдарын баға­лаған кезде, саяси билік транзи­тінің қалыпты өтуінің маңыз­ды­лығын ескергеніміз жөн. Биліктің заңды және өрке­ниетті жолмен ауысуы – бүкіл саяси жүйе тұрақ­тылығының басты көрсеткіш­терінің бірі екенін ұмытпауымыз қажет. Әсіресе Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін өзектілігі жо­ғары мәселе. Осы тұрғыда Қа­зақ­­станның болашағы үшін Ел­ба­­сының стратегиялық бағы­ты­ның сабақтастығын сақтап, тұрақ­­тылығын қамтамасыз ету өте маңызды.

Мұның айқын үлгісі ретінде Пре­зиденттің Қазақстан хал­қы­­на Жолдауын атап өтуге болады. Жолдаудағы басым­дық­тар Елбасы Н.Назар­­баевтың мем­­­­лекеттік ба­ғы­­тымен біте қай­­­­насқан. Бұлар – тиімді әрі ашық үкіметті қалып­­тас­ты­ру, ШОБ-ты қолдау және ши­кі­­­заттық емес экспортты ын­та­­­лан­дыру, агроөнеркәсіп кеше­нін, әлеуметтік саланы және аймақтарды дамыту және т.б.

Тағы бір маңызды көр­сет­кіш – сыртқы саясаттағы сабақ­тастықты сақтау. Ол Қазақ­станның халықаралық абыройы үшін үлкен маңызға ие. Егер Қ.Тоқаевтың алғашқы сыртқы саяси қадамдарына көз жіберетін болсақ, олардың тәуелсіздік жыл­дарында қалыптасқан көпвек­торлы сыртқы саясатының негізгі басымдықтарымен тығыз байланыста екенін көруге болады.

 

Ержан САЛТЫБАЕВ,

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры