Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын», делінген хабарламада.