• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қыркүйек, 2019

Қызылордада мекеме басшысына пара алғаны үшін жаза тағайындалды

401 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таяуда «Қызылорда облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» ҚММ басшысы Ф.Д.Смағұловқа қатысты пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол ҚММ қызметкерінен жұмысқа қабылдағаны және қамқорлығы үшін 300 мың теңге пара алғаны үшін күдіктелді.

Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен Ф.Д.Смағұловқа пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойы айыра отырып, 12 млн теңге көлемінде айыппұлмен жаза тағайындалды.