• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қыркүйек, 2019

Асқар Мамин Алматы облысында май шығару зауытының ашылуына қатысты

244 рет
көрсетілді

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Асқар Мамин «Лукойл» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен бірге Іле ауданында «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС майлау материалдарын шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Арнаулы сөзінде Үкімет басшысы Қазақстанда қазіргі дейін еліміздің көмірсутек секторына $9,5 млрд инвестиция салған «Лукойл» компаниясының зауытының ашылуы еліміздің мұнай-газ секторының дамуының қазіргі векторына, атап айтқанда, шикізаттық бағыттылықтан терең өңделетін өнім шығаруға көшуге сай келетінін айтты. 

Зауыттың қуаттылығы — жылына 100 мың тонна өнім – 800-ден аса май түрлерін қамтиды. Өндіріс Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ, Қытай, Ауғанстан және Моңғолияның ішкі нарығын майлау майларымен қамтамасыз етуге арналған. Зауытқа «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік магистралінің жақын орналасуы логистикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның құрылысына және оны жарақтандыруға салынған жалпы инвестициялар көлемі $94 млн құрады. Жоба Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық құқық талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылды.

Премьер-Министрдің қатысуымен «Лукойл» ЖАҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында «Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскелерді  бірлесіп зерттеу туралы» келісімге қол қойылды.