• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қыркүйек, 2019

Тұрсынбай Құлахмет алғашқы әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтады

360 рет
көрсетілді

Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы екінші медаліне қол жеткізді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

75 келіде жұдырықтасқан биылғы Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда филиппиндік спортшыға жол берді.

Тәжірибелі Эумин Марсиаль қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.  Тұрсынбай Құлахмет өзі қатысқан алғашқы әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтап отыр.