Бүгін сенбі, яғни 21 қыркүйекте таңғы сағат 09.00-дан түскі 14.00-ге дейін Алматыдағы ҚР ДСМ Қазақ Онкология және Радиология ғылыми-зерттеу институты мен барлық облыстық онкологиялық диспансерлерде гинекологиялық қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау үшін, Ашық есік күні өтеді.
Жыл сайын Қазақстанда 1800-ге жуық әйел жатыр мойны обырына шалдығады. 600-ге жуық әйел көз жұмады. Жатыр мойны обыры онкологиялық аурулардың ішінде 2 орын алып отыр.
Егер де Сіз өзіңізде:
· жыныстық қатынастан кейін қынаптан ағыл-төгіл су тәрізді және мен қанды сұйықтықты
· етеккір аралығында кейінгі қынаптан қан кетуді
· жағымсыз иісі бар бөліндіні
· іштің төменгі жағы мен белдің ауыруын
· іш көлемінің жылдам ұлғаюын
· сонымен қатар, әлсіздік пен қажу, тәбеттің болмауын байқасаңыз
жедел түрде онколог дәрігерге қаралуыңыз керек.
УДЗ, КТ, МРТ-ге жолдама көрсеткіші бойына беріледі. КТ және МРТ тұрғылықты жері бойынша тегін. Қосымша ақпаратты +7 (727) 349-61-16 телефоны арқылы біле аласыздар.
ҚазОРҒЗИ мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Шагабутдинов көшесінің қиылысы. Қабылдау және кеңес беру бөлімі.