• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2019

Онлайн қызметтерді қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!

292 рет
көрсетілді

Себебі қаржы алаяқтары  телефон арқылы өздерін  банк қызметкері ретінде таныстырып, шоттар арқылы онлайн операцияларды жүргізу үшін жеке мәліметтерді білуге тырысатыны соңғы кездері жиірек байқала бастаған.

«Қазақстанда төлем карталарын ұстаушыларды алдаумен айналысатын алаяқтық топтар пайда болды. Жеке мәліметтерді, төлем карталарыныңреквизиттерін, телефон арқылы код пен құпиясөздізаңсыз жинауға байланысты оқиғалар көбейген. Алаяқтар өзін банк қызметкері ретінде таныстырыпшот арқылы операциялар жүргізу үшін жекемәліметтерді алуға тырысады», - делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқанхабарламада.

ҚҚА қаржы технологияларын дамыту жәнеинновация орталығының директоры Константин Пак өткен жұма күні алматылық журналистермен кездескен кезде карта ұдайы жетілдіріп отыратын, көптеген қорғаныс қабаты болса да  қаражаттықашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін қауіпсізтөлем құралы екенін айтты. Сондықтан, хакерлерге қорғаныс қабатын алыстан бұзып-жарып, картадағы ақшаңызды қалаған есеп-шоттарға аударып алуға мүмкіндік бар.

Алаяқтықтың көбеюіне байланысты ескертужәне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатыменҚазақстанның Қаржыгерлер ассоциациясы (ҚҚА), сондай-ақ Altyn Bank, Bank RBK, ForteBank, HalykBank, Jýsan Bank, Kaspi.kz, Nurbank, Альфа-Банк Қазақстан, Банк ВТБ (Қазақстан), Евразиялық банк, Сбербанк Қазақстан, Хоум Кредит Банкі, ЦентрКредит Банкі келесі қауіпсіздік шараларынсақтауды ұсынады:

1. SMS-хабарлама арқылы келген кодты(құпиясөз) ешімге, сонымен қатар банк қызметкерімін деп хабарласқан тұлғаларға да айтпау.

2. Операцияларға қажетті сенімді нөмір ретінде(банкомат арқылы да) бөтен нөмірді қоспау.

3. Төлем карталарыңыздың реквизиттерінешкімге айтпаңыз: нөмір, жарамдылық мерзімі мен CVV/CVC (картаның артқы бөлігіндегі 3-таңбалы код). Сонымен қатар картаңыз туралы деректердіинтернетте орналастырмаңыз және мессенджер арқылы жібермеңіз.

4. Қоңырау күдікті көрінсе (тіпті банктіңконтакт-орталығның нөміріне ұқсас болса да) байланысты бірден үзіп, бұл туралы банктік төлемкартасының артындағы телефон нөміріне хабарлаукерек.

Үшінші тұлғаға карта реквизиттері мен SMS-кодтарды берген жағдайда ақшаңыз ұрлануымүмкін.

Қауіпсіздікті сақтау шаралары туралытолығырақ қаржы ұйымдарының сайтындағыклиенттерге арналған нұсқаулықтан білуге болады.