• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2019

Шағын несие алушылар 8 мыңнан аса жұмыс орнын құрды — ЕХӘҚМ

260 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды. Бұл жоба кәсіпкерлік негіздерін оқытуға бағытталған және 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында іске қосылды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов жұмыссыздарға әлеуметтік жағынан мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының негізігі бағыттарының бірі екенін атап өтті. 

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оның ішінде жастар, мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға Бағдарламада келесі құралдар қарастырылған:

«Бастау-Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

төмен пайызбен шағын несиелер ұсыну;

несиелерді кепілдендіру;

жаңа іспен шұғылдануға қатысу үшін тегін мемлекеттік гранттарды ұсыну тетіктері.

Бұл ретте, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыған азаматтарға несие беру кезінде басым құқық беріледі.

«Ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасымен 75 мың адамды қамту жоспарлануда. Бүгінде оқумен 33 мың адам қамтылды. Соның ішінде Жастар жылы аясында «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 20 мың жас азамат оқытылды. Өз жобаларын қорғаған 27 мың азаматтың ішінен 8,1 мың адам гранттар мен несиелер алды», — деді Б. Нұрымбетов.

2017-2019 жылдары «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде несие беруге республикалық бюджеттен жалпы сомасы 176 млрд теңге қаржы бөлініп, 31 мыңға жуық азаматқа несие берілді.

Ағымдағы жылы несие беруге бөлінген қаржы көлемі 2017 жылмен салыстырғандға 2 есеге өсіп, 83 млрд теңгеге жуық соманы құрап отыр. Қазіргі күнге бұл қаржының 52,3%-ы игерілді.

Соңғы үш жылда ауыл тұрғындарды несиемен қамту жоспары 5 есеге ұлғайды. Бағдарлама аясында берілетін несиелер ауыл тұрғындары үшін қолжетімді бола түсті. Ауылдық желдерде несиелердің орташа сомасы 4 млн теңгені құрайды. Несиелердің 52%-ы 3 млн теңгеге дейінгі сомада болса, 45%-ы 3 млн теңгеден бастап 10 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Ал қалаларда несиелердің орташа сомасы 11 млн теңгені құрайды.

«Биыл ел бойынша 19 мыңнан астам азамат несиемен қамтамасыз етіледі деп күтілуде, оның 16,7 мыңы ауыл тұрғыны болса, 2,3 мыңы - қала тұрғыны», — деді министр.

Несиелер келесі мақсаттарға алынған – 60%-ы стартап жобаларға (5 684), 33%-ы бизнесті кеңейтуге (3 119), 7%-ы зәкірлік кооперацияларды дамытуға (630) берілді. Несие алушылар қосымша 8 384 жаңа жұмыс орындарын ашқанын атап өту керек.

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде ауылдарда несилердің 80%-ы – мал шаруашылығына, 9,6%-ы – қызмет көрсетуге, 6%-ы – көлік және байланыс салаларына тиесілі.

Қалалық жерде несилердің 30%-ы - сауда саттықта,15%-ы – өнеркәсіпте, 12%-ы – құрылыс салаларына пайдаланылуда.

Несие алушылардың әлеуметтік статусына назар аударсақ, 22%-ы – жұмыссыздар (2 075 адам), 74%-ы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 2,5%-ы – мүгедектер (236 адам), 1,5%-ы – аз қамтылған отбасылар. Олардың ішінде 15%-ы – жастар, 34%-ы – әйел адамдар.

2018 жылдан бастап «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беріле бастады. Барлығы 38 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда барлығы 7,8 мыңнан астам грант берілді. 

Ауылдық жерлер мен шағын қалаларды несиелендіру операторы — Ауыл шаруашылығы министрлігі, қалалар мен моноқалаларда — Ұлттық экономика министрлігі. 

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров 2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасын іске асыруға 5,9 млрд теңге бөлінгенін айтты. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,7 млрд теңге

Бүгінгі таңда 33 мың адам оқытылды немесе жоспардың 44%. Берілген несиелердің орташа сомасы 3,3 млн теңгені құрайды.

Биыл республикалық бюджеттен 12 мың шағын несиеге 44,7 млрд теңге бөлінді. 2019 жылдың шілдесінде 5 мың шағын несиеге қосымша 20 млрд теңге бөлінді.

2019 жылғы 13 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 32,5 млрд теңге игеріліп, 450 микрокредит берілді.

Өз кезегінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А. Мырзахметов «Бастау Бизнес» жобасын үш жыл ішінде іске асырудың басты нәтижесі 20 мыңнан астам жаңа бизнес-жобалардың іске қосылуы екенін атап өтті. Бір айта кетерлігі, жоба басталған кезде болашақ кәсіпкерлерді оқыту үшін бар болғаны 80 сынып болса, қазір олардың саны аудандарда, моноқалаларда, облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында — 252.

Үш жылдың ішінде 35 млрд теңге сомасына несие берілді. Сонымен бірге 50 млрд теңгеге өнім мен қызмет шығарылды.

«Іске қосылған жобалардың талдауы көрсеткендей, қолдау шараларының 1 теңгесіне 1,8 теңгеге өнім шығарылып, қызмет көрсетіледі», — деді А. Мырзахметов. 2019 жылы несие алушылар 15 мың бизнес субъектілерін ашады деп жоспарлануда.