• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қыркүйек, 2019

Алматыда №4 аурухананың бас дәрігері қамалды

106 рет
көрсетілді

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері мен тағы бір дәрігер қамауға алынды. Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«2 қыркүйекте Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен дәрігер Асқар Тұңғышбаев ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды. 22 қыркүйекте №4 аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев та ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (Медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) 2 айға қамалды», делінген қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.