Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының ресми іс-шаралары аясында АҚШ Президенті Дональд Трамппен қысқа кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Американың кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуды жалғастыра беретінін атап өтті.