Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов Еуразиялық интеллектуалды Олимпиадаға қатысқан есепке жүйрік шымкенттік жеңімпаздармен кездесті.
Қаламыздың намысын қорғаған қатысушылар Г.Макридин, К.Пак, А.Тарасенко, С.Ерметова, С.Ерметова, К.Ким, Я. Аюкаева Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарыста алға шықты.
Кездесу барысында балалар есеп шығаруда ондықтарды ғана емес, жүздіктерді де есептегіш құралға сүйенбей-ақ шығарып, үйренгендерін көрсетті.
Білімнің шыңына жетуге сәттілік тілеген Бахадыр Нарымбетов жиын соңында жеңімпаздарға алғыс хат тапсырып, «Жас данышпан» төсбелгісімен марапаттады.