• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Экономика 26 Қыркүйек, 2019

«ҚазМұнайГаз»: 60-70 доллар көлеміндегі мұнай бағасы оңтайлы болып тұр

278 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Kazakhstan Energy Week 2019» апталығы аясында «Мұнай болашағы: ақиқат және болжам» интерактивті пікірсайыс өтті. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясының Жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін талқылауға Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ОПЕК бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, «ЭксонМобил Апстрим Ойл энд Газ» аға вице-президенті Том Шуслер, «Эни СпА» бас директоры Алессандро Пулити және басқа да әлемдік сарапшылар мен мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.

Пікір алмасу барысында дүниежүзі бойынша мұнайды шамадан тыс пайдалану, алдағы уақыттағы мұнай сұранысы мен ұсыныс географиясының өзгеруі, жаңа энергетикалық ахуал және оның еліміздегі отын-энергетикалық кешеніне ықпалы, мұнай бағасы және өзге де мәселелер жан-жақты талқыланды.

- Бүгінгі шарада «ҚазМұнайГаз» компаниясы үшін өзекті сұрақтар мен түйіткілді мәселелер көтерілді. Оның ішінде мұнай бағасы, әлемдік энергетика нарықтарындағы тұрақсыздық. Жалпы, қазіргі кездегі 60-70 доллар шамасындағы мұнай бағасы «ҚазМұнайГаз» үшін қолайлы болып табылатынын атап өткім келеді, - деді А.Айдарбаев.

 

Маңғыстау облысы